Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 244 бұйрығы
(2016.24.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен тақырбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Әділет министрінің 2011.21.06. № 230 Бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен тақырбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жоғалған немесе бүлінген құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру
және түпнұсқасының (куәландырылған көшірмесінің) күшін жою
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2008.01.10. № 258 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2016.24.05. № 343 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)