Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 шешімі
(2024.17.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024.28.03. № 14/4 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.17.05. № 15/4 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.13.09. № 18/4 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.17.10. № 21/4 шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 38 917 458 мың теңге,оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша - 35 651 174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 130 311 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 340 801 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 2 795 172 мың теңге;
2) шығындар - 40 365 744 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 428 132 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 450 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 876 418 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - 1 876 418 мың теңге.
қарыздар түсімдері - 460 470 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 415 948 мың теңге.