Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 197 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1661 болып тіркелген, 2007 жылдың 30 маусымында № 107-109 «Ақ жол» және № 73 «Знамя труда» газеттерінде жарияланды; Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 13 тамыздағы № 180 «Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білімді мамандар даярлаудың 2007-2008 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімиятының 2007 жылғы 24 мамырдағы № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер мен толықтыру енгізілген; нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1667 болып тіркелген, 2007 жылдың 27 қыркүйегінде № 156 «Ақ жол» және № 110 «Знамя труда» газеттерінде жарияланды) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауында және бүкіл мәтін бойынша, 4 тармағынан басқа, «бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік» деген сөздерді «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі» деген сөздерге ауыстырылсын;
1 тармағында «1 және 2 қосымшаларға» деген сөздерді «қосымшаға» деген сөзіне ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.