Алматы облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 5-26 шешімі
(2008.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 10 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2008.17.01. № 6-33 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.04. № 8-47 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 10-61 (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.15.07. № 12-68 (бұр.ред.қара); 2008.08.10. № 13-78 (бұр.ред.қара); 2008.07.11. № 14-89 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 1 қосымшаға сәйкес, 2008 жылға арналған облыстық бюджет төмендегі көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер - 103908774 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 18291413 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 59765 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 25405 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 85532191 мың теңге, соның ішінде:
нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 23477 мың теңге;
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 9428070 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы - 76080644 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 7161324 мың теңге, соның ішінде:
жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақы төлеуге - 247443 мың теңге;
білім беруге - 1074399 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 1842700 мың теңге;
әлеуметтік көмекке - 169000 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар - 2409634 мың теңге;