Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 143 қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 08 қазандағы № 142 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағының 8) тармақшасына және облыс әкімдігінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» № 1592 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жол картасы» бағыты бойынша республикалық ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған республикалық мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Алматы облысының білім басқармасы (Л. Т. Базарқұлова) Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен (Қ. Қ. Тәжібаев) бірлесе отырып техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерінің 2009-2010 оқу жылына арналып бекітілген қабылдау жоспарына сай қаржыландару жоспарын сәйкестендірсін.
4. Алматы облысының білім басқармасы (Л. Т. Базарқұлова) қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.