Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 142 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 3 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабындағы 2 тармақтың 8) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Жол картасы» бағыты бойынша республикалық ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Алматы облысының білім басқармасы (Л. Базарқұлова) Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен (Н. Сатыбалдина) бірлесе отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерінің 2010-2011 оқу жылына арналып бекітілген қабылдау жоспарына сәйкес қаржыландару жоспарын үйлестірсін.
4. Алматы облысының білім басқармасы (Л. Базарқұлова) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік тапсырысын орындалуын қамтамасыз етсін.
5. Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 143 қаулысының күші жойылсын (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2009 жылдың 9 қыркүйектегі № 2038 тіркелген, 2009 жылдың 20 қазандағы «Жетісу» газетінің 117 және «Огни Алатау» газетінің 136 номерлерінде жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.