Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешімі
(2010.19.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 3 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2010.11.01. № 258 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Қостанай облысы мәслихатының 2010.16.04. № 294 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 307 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.04.06. № 309 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.07. № 320 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.10. № 336 шешімімен (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 90386143,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 3843876,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 442487,6 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 4609,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 86095171,1 мың теңге;
2) шығындар - 90103031,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 298852,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 718164,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 419311,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 493392,5 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 493392,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -509132,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 509132,8 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын аудару жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.