Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы
(2013.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысымен күші жойылды
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.09. № 994 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.03. № 370 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.05.06. № 575 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның
құрамы
| Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
| Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
| Нокин Серік Кеңесұлы | - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орын |
| Уәлиев Рустам Мақсұтұлы | - «Қазақ Суқұбыржоба» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
| Ақсақалов Құмар Іргебайұлы | - «Нұр-Отан» Халықтық демократиялық партиясының орталық аппаратының басшысы (келісім бойынша) |