Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 688 Қаулысы
(2010.18.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі № 1341 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының Халықаралық рейтингтік агенттіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 89 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.10.09. № 1341 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
№ 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі
комиссия құрамы
| Қожахметов Қуат Бәкірұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Қанапьянов Шыңғыс Сержанұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |