Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 Қаулысы
(2012.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.29.10. № 1136 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 814 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 987 бірлік санында бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.