Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 Қаулысы
(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.02.04. № 344 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.12. № 1554 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспары өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.28.12. № 1617 Қаулысымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1507 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспар
Мазмұны
1-бөлім. Миссия және пайымдау
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерi
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштерi
4-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6-бөлім. Қатерлерді басқару
7-бөлім. Бюджеттік бағдарламалар
1-бөлім. Миссия және пайымдау
Миссия
Еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен нәтижелі қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.
Пайымдау