Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 655 бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 18-тармағының 5) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және медициналық ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша ақы төлеуді, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 936 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 21-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы - шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөніндегі экономикалық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 31 бұйрығына:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;