Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 Қаулысы
(2013.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 748 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 1620 Қаулысымен (бұр.ред.қара) стратегиялық жоспары өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1741 Қаулысымен стратегиялық жоспары жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы және пайымдауы
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының даму үрдісін талдау
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 443 Қаулысымен 1-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бөлім. Миссия және пайымдау