Введите номер документа
Прайс-лист

«Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығы (2018.25.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 19 августа 2013
Статус
Утратил силу
утратил силу с 29 марта 2021

Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 347 бұйрығы

(2018.25.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 111 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 495 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.25.09. № 495 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар тізбесі бекітілсін.

2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. «Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын гуманитарлық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қарашадағы № 507 (2007 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4992 болып енгізілген, 2007 жылы 30 қарашада № 184 (1387) «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Ә. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

М. Орынханов

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом