Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығы
(2013.05.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы ереже;
2) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамы;
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
3. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.14.01. № 14 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 16 маусымдағы
№ 353 бұйрығымен бекітілген
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - РОӘК) туралы ереже «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 қарашадағы Заңының 5-бабының 25-тармақшасына сәйкес әзірленген.