Шығыс Қазақстан облысының ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірде № 157 Қаулысы
(2023.26.02. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 255 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 39 - бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023.07.02. № 26 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (2023 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 157 қаулысына
қосымша
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің
тізбесі
| № | Оқшау су құбырының атауы |
| Алтай ауданы |
| 1. | «Полянское» (Первороссийское) оқшау су құбыры |
| Глубокое ауданы |
| 2. | «Винное» оқшау су құбыры |
| 3. | «Опытное поле» оқшау су құбыры |
| 4. | «Прапорщиково» оқшау су құбыры |
| 5. | «Разъезд 226 км» оқшау су құбыры |