Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы
(2016.28.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.02.06. № 198 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 90 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2014.02.06. № 198 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.28.01. № 90 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1238) санында жарияланған));
2) «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 404 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6406 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 4 ақпандағы № 36 (26439) санында жарияланған)) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.