Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешімі
(2025.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 ж. 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017.30.05. № 133 шешімімен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «ставкалары», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлемелері», «мөлшерлемелерін» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018.11.04. № 282 шешімімен (бұр.ред.қара); 2025.27.06. № 225 шешімімен (2025 ж. 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 26-бабының 1-тармағына 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы шешімге сәйкестендіру және жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізуді «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келісім бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келісім бойынша) ұсынылсын.