Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 56 бұйрығы
(2016.08.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) ҚР Қаржы министрінің 2016.08.02. № 52 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінде біліктілік сыныптарын белгілеу қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі лауазымдарының санаттары үшін тестілеуден өту қағидасы мен шарттары, шекті мәндер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеу түрлерін қолдану қағидасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарына құқық қорғау қызметіне бірінші рет жұмысқа қабылданатын тұлғалардың арнайы бастапқы оқудан өтуі қағидасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене даярлығын ұйымдастыру қағидасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының қарауында тұрған қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруі қағидасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидасы;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы;