Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығы
(2022.09.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2022.18.01. № 2 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022.09.08. № 12 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022.09.08. № 12 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Заңды тұлғаларға арналған курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Заңды тұлғаларға арналған курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Заңды тұлғаларға арналған пошта қызметтерінің тарифтері туралы есеп» (индексі 1-тариф (пошта), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;