Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысы
(2020.31.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1, 14 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес карантиндік объктілердің таралу ошақтарын толық жою және оқшаулау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012.13.06. № 20/10 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шаруашылық субъектілерге, елді мекендерге және басқа да объектілерге карантиндік режимді енгізе отырып, Қарағанды облысы аумағында карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2009.21.07. № 20/02 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Х. Мұсатаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Н. Нығматулин |
ІС - ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ. Қарағанды облысы әкімдігінің 2009.21.07. № 20/02 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қарағанды облысы әкімдігінің 2009.21.07. № 20/02 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.06. № 20/10 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.09.01 № 01/03 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.31.01. № 05/01 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 30 мамыр
№ 12/03 қаулысына қосымша
Карантин режимі енгізілуі тиіс өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау нысандарының
тізбесі
| № р/р | Шаруашылық субъектілер, басқа да нысандар атауы, жер телімдерінің санаттары | Аудандар (қалалар), ауылдық округтер және елді мекендер атауы | Залалданғаны (ластанғаны) | Ошақтарды анықтау күні (актілер бойынша), ескертпелер |
| телімдер (алқаптар) | алаңы, гектар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Қ ы з ғ ы л т у к е к і р е (Acroptilon repens L.D.C.) |
| I. | Абай ауданы | 30 | 2174,31 | |