Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығы
(2018.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Т. Есентаев |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы
№ 55 бұйрығымен бекітілді
Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру
қағидалары
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.05.10. № 267 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.05.10. № 267 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)