Введите номер документа
Прайс-лист

«Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығы (2025.03.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 28 мая 2015
Статус
Действующийвведен в действие с 3 июня 2016
Дата последнего измененияпонедельник, 3 февраля 2025

Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 662 бұйрығы

(2025.03.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Көлік министрінің м.а. 2025.17.01. № 17 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 3 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақста Республикасының Заңы 14-бабының 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5В071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Бакалавриат) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6М071500 - Теңіз техникасы және технологиялар (Магистратура) мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электронды түрде жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом