Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығы
(2023.06.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Туризм және спорт министрінің 2023.01.11. № 276 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.29.10. № 337 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің 2023.01.11. № 276 бұйрығымен (2023 ж. 6 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тізбе жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 1 қарашадағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілген
Спорттың басым түрлерінің республикалық т
ізбесі