Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығы
(2017.27.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.14.09. № 558 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.27.01. № 32 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Орыс тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы;