Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығы
(2022.15.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.14.03. № 141-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.15.03. № 22 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.14.03. № 141-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.15.03. № 22 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.29.11. № 833 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.29.11. № 90 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022.14.03. № 141-НҚ және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.15.03. № 22 бірлескен бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындаушыға қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес оқу орталықтарына қатысты техникалық реттеу саласындағы тексеру парағы;