Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 452 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 458 бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмысын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 89 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрлері, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрлері мен аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.21.02. № 43 бұйрығымен регламент жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 9 қарашадағы
№ 452 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
РЕГЛАМЕНТІ
1-тарау. Жалпы ережелер