Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LXXII сессиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 517 шешiмi
(2021.17.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2021.19.02. № 24 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VI сессиясының 2021.31.05. № 51 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс Х сессиясының 2021.27.08. № 82 шешiмiмен (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясының 2021.17.11. № 96 шешiмiмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 905 473 439 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 705 960 412 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 13 598 098 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 21 359 764 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 164 555 165 мың теңге;
2) шығындар – 942 233 327,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 20 561 238 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 21 638 225 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 21 925 225 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -78 959 351,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 78 959 351,4 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: