Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығы
(2005.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары біліктi кадрларды аттестаттаудың нормативтік құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар беру ережелерi бекітілсiн.
2. Жоғары аттестациялық комитет (Құсайынов А.Қ.) жоғары біліктi ғылыми және ғылыми-педагогтiк кадрларды аттестаттау мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарын осы бұйрыққа сәйкес келтiрсiн.
3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (Күзембаев М.М.) осы бұйрықты белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тiркеуден өткiзуге тапсырсын.
4. Осы бұйрық 2003 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізiледі.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі мiндетiн атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы «Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекіту туралы» № 421 бұйрығы күшiн жойды деп саналсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бiрiншi вице-министр F.M. Мұтановқа жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым Министрінің
2003 жылғы 10 қаңтардағы
№ 15 бұйрығымен бекітілген
ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Ережелер терең кәсiби білімдi, ғылыми және ғылыми-педагогтiк қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген тұлғаларға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртібін белгiлейдi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 ж. 2 наурыздағы № 127 Бұйрығымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)