Штат санының лимиттерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 Қаулысы
(2007.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) министрлiктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi;
2) министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен
бекітілген
Министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат
санының лимиттерi
ҚР Үкіметінің 2005.04.02. № 103; 2005.19.07. № 744 (бұр. ред. қара); 2005.30.12. № 1319 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2006.13.01. № 36 ; 2006.21.04. № 313; 2006.26.04. № 329 (бұр.ред.қара); 2006.30.06. № 626 (бұр. ред. қара); 2006.21.07. № 700 (бұр.ред.қара); 2006.02.08. № 730 (бұр. ред. қара); 2006.07.09. № 852 (бұр.ред.қара); 2006.28.10. № 1024 (бұр.ред.қара); 2006.06.11. № 1049 ; 2006.21.12. № 1236 (бұр.ред.қара); 2007.16.02. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.02.03. № 164 (бұр. ред. қара); 2007.29.05. № 438 (бұр.ред.қара); 2007.20.08. № 714 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 744 (бұр.ред.қара); 2007.22.10. № 982 (бұр.ред.қара); 2007.13.11. № 1077 (бұр.ред.қара) қаулыларымен лимиттер өзгертілді
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.30.12. № 1319 (бұр.ред.қара) (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2006.06.06. № 509 (бұр.ред.қара); 2006.30.06. № 626 (бұр. ред. қара); 2006.02.08. № 730 (бұр. ред. қара); 2006.07.09. № 852 (бұр.ред.қара); 2007.02.03. № 164 (бұр. ред. қара); 2007.17.08. № 697 (бұр.ред.қара); 2007.28.08. № 744 (бұр.ред.қара); 2007.05.12. № 1182 (бұр.ред.қара) қаулыларымен лимиттер өзгертілді
Министрлiктердiң, агенттiктер мен
ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi
штат санының лимиттерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 сәуірдегі № 402 қаулысының 1-тармағының 4) тармақшасы.
3. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қостанай заң институты" мемлекеттік мекемесiн Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 30 шілдедегi № 806 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 28, 373-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 тамыздағы № 837 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 390-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 17 наурыздағы № 330 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1239 қаулысы.
6. «Штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1240 қаулысы.