«Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 Қаулысы (2008.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Халықаралық мәдени байланыстар дұрыс жолға қойылған және табысты жұмыс істеуде. 49 таяу және алыс шет елдермен және халықаралық ұйымдармен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Екі ел халықтарының мәдениетін өзара байыту мен жақындастырудың қосымша көздері болып табылған Ресейдегі Қазақстан жылы, Қазақстандағы Ресей жылы өткізілді. 2004 жылы өткен TYPКІСОЙ Тұрақты Кеңесі XXI отырысы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің II жұмыс бабындағы кездесуінің өткізілуі қазіргі заманғы Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға болды.

Тұтастай алғанда Қазақстан мәдениетінің жай-күйін тұрақты, он факторларды орнықтыруға, жаңа эстетикалық нысандарды меңгеруге деген үрдісі бар деп бағалауға болады.

Алайда мәдениет саласындағы бүгінгі ахуал жаңа бағдарламалық, көзқарасты талап етеді. Қолданыстағы заңнама мәдениет ұйымдарының, соның ішінде мемлекеттік емес меншіктегілердің қызметін толық түрде реттеу мен регламенттеуге мүмкіндік бермейді. Мәдениет саласын реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру мақсатында "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының жаңа редакциясы әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілді.

Сондай-ақ саланың одан әрі дамуын тежейтін басқа мәселелерге мыналар жатады:

1) шығармашылық көшбасшылардың, жаңа тұрпаттағы басқару кадрлары мен арт-менеджерлердің тапшылығы;

2) кадрларды даярлау және қайта даярлау;

3) жабдықтардың қазіргі заман талаптарына жауап бермейтіндей тозуы;

4) кәсіптердің, оның ішінде қоғамдық мәртебесінің мәдениет пен өнер қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың әлсіздігіне орай төмендеуі;

5) мемлекеттік емес сектордың нашар дамуы.

Қазақстанның театрлары қаржылық тұрғыдан жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, репертуарларын жаңа пьесалармен және көркем аудармалармен толықтыру мүмкіндігінен айырылып отыр. Елімізде ұлттық фильмдерді кең көлемде және жүйелі түрде көрсету қолға алынбаған.

Мәдениет мекемелерінің жеткіліксіз қаржыланғандығынан және материалдық-техникалық базасының әлсіздігінен халықтың мәдени қажеттілігі мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсе түсуде. Бұл әcipece ауылда байқалады. Оңтайландыру жылдары көптеген мәдениет объектілері жекешелендірілді немесе жабылып қалды. Кітапханалардың бір бөлігі кітап қорын жоғалтқан, ал сақталып қалғандары мектептерге берілген. Қайта ашылған ауылдық кітапханалар қорларында 500-ден 1000 данаға дейін бар.

Республикада жиырма жылдан астам уақыттан бepi мәдениет ұйымдары үшін үлгі ғимараттар салынған жоқ. Қазіргі уақытта көптеген өңірлерде олар лайықталған үй-жайлар - мектептерде, ауылдық әкімдіктерде және т.б. орналасқан. Клуб түріндегі мәдениет мекемелері eдәуip тозған. Клуб ғимараттарының жалпы санының 671-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 101-і авариялық жағдайда. Кітапхана ғимараттарының жалпы санының 326-сы күрделі жөндеуді қажет етсе, 39-ы авариялық жағдайда. 100-ге жуық мұражайлардың ғимараттары күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет етеді. Ауыл мәдениетінің мұқтажына көлік, жабдықтар мен техникалық құралдарды сатып алуды мақсатты түрде қаржыландыру ic жүзінде тоқтатылды.

Саладағы біршама оң үрдістерге қарамастан, мәдениет пен өнерді мемлекет тарапынан серпінді қолдау, ынталандырулар мен көтермелеулердің жаға жүйесін құру, қазақстан мәдениетін репрезентациялау ісінде қоғамдық сектордың, үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыру, әдебиет пен өнер, кино саласындағы жаңғыртуға, арт-менеджментті дайындауға арналған бағытты анықтау қажет. Шет елдер тәжірибесін зерделеу мемлекеттік тапсырысты енгізу, мәдениет патронажының анық және ұтымды құрылымын жасау, гранттар алуға конкурстар өткізу, мәдениет мекемелеріне келісім-шарт жүйесін, мәдени саясаттың жоспарлы мониторингін енгізу қажеттілігін меңзеп отыр. Сондай-ақ, мемлекет өнерді көптеген елдердің мәдени саясатын іске асыруда бүгінгі күні пайдаланылып жүрген өнер жөніндегі кеңестер - буферлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қаржыландыратын кездегі әлемдік практиканы пайдалануға болады. Бұл жағдайда мемлекет қаражат бөлуге араласпайды, саясаткерлер мен қызметкерлердің ақшалай қаражатты тікелей бөлуден алыста болуы үшін, шығармашылық тұлғалар саяси қысымнан немесе цензуралық араласудан қорғалуы үшін Кеңес жауап береді.

Жергілікті ic-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін өнердің кейбір дарынды өкілдеріне, оның ішінде жастарға қолдау көрсететін Қазақстанда туындап жатқан жеке және корпоративтік меценаттық және қайырымдылық мемлекет тарапынан назар аударуды талап етеді.

Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттерін шешу кешенді тұрғыдан келуді, саланы жаңғырту мен мәдениетті дамытудың жалпы әлемдік процестеріне қосуға бағытталған шараларды қабылдауды, барлық жұмыстарды 2006-2008 жылдар кезеңіне есептелген Бағдарлама шеңберінде ic-шаралар жүйесін міндеттері, мерзімі, ресурстары және орындаушылары бойынша қазіргі заманға сай ұйымдастыруды талап етеді. Осыған байланысты саланы дамыту, мәдени ортаны қалыптастыру жөніндегі басты стратегиялық бағыттарды көрсететін және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі ic-шаралар кешенін қамтитын неғұрлым басымдық берілген міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар өзара байланысты шараларды қабылдау аса өзекті мәселе болып табылады.

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 

Бағдарламаның мақсаты қазіргі уақыттағы мәдениетті дамыту әpi классикалық және халықтық өнердің озық дәстүрлерін сақтау үшін жағдай жасау, әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу болып табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

саланың инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру;

кадрлармен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру;

өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту үшін жағдай жасау;

халықаралық ынтымақтастық және қазақстан өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері;

материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

ақпараттық қамтамасыз ету.

 

 

5. Heгізгі бағыттары мен іске асыру тетігi

 

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мәдениет мемлекет саясаты басымдықтарының біріне айналып отыр.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мәдениет ұйымдарын жоспарлы түрде қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәдениетті қайта құру жөніндегі барлық шаралар және басымдықтар секторлар мен сала қызметінің барлық аспектілерін күшейтуге, мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің спектрін дамыту, сапасын көтеру үшін қажетті жағдайлар жасауға, шығармашылық одақтармен, мәдениет және өнер қайраткерлерінің басқа да қоғамдық бірлестіктерімен өзара ic-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 234 Қаулысымен 5.1. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

 

Мәдениет саласын дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны одан әpi жетілдіру ұйғарылып отыр.

Жаңа өнер туындыларын жасағаны үшін төленетін авторлық қаламақы төлеудің ең төменгі нормалары, мәдениет ұйымдары үшін үлгі штаттық нормативтер бекітіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 Қаулысымен 5.2. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.2. Саланың инфрақұрылымын дамыту және басқару

нысандарын жетілдіру

 

Жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңа музыкалық-сахналық және драматургиялық шығармалар қойылымын, оның ішінде балаларға арналған спектакльдер, бүгінгі күннің тақырыбына спектакльдер жазуды қатты талап етеді. Қазақстанға және таяу шет елдерге театрлар мен концерттік ұжымдардың гастрольдік сапарлары жалғасады әрі олардың саны көбейтіледі.

Республиканың көркемөнер мұражайларының коллекцияларын бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен жоспарлы, ғылыми түрде жасақтау мақсатында республиканың жетекші суретшілері мен мүсіншілерінен өнер туындыларын сатып алу жүргізіледі.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қайта құру және пайдалану ісіндегі міндеттерді сәтті іске асыру үшін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында "Eciк", Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорықтарын және Атырау облысында "Сарайшық" мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығын құру туралы ұсыныс енгізілетін болады.

Тарихи раритеттердің өмірін жалғастыруда мұражай тәжірибесінде тиімді және сынақтан өткен тәсілдердің бipi оларды консервациялау және қайта жаңарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайындағы мұражай құндылықтарын зерделеуге, сақтауға және пайдалануға сараланған тұрғыда келу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштерін қалпына келтіру мен консервациялау бойынша саланың барлық мамандарының күш-жігерін біріктіретін, сондай-ақ кадрларды даярлайтын орынға айналатын республикалық мұражай құндылықтарын консервациялау және жаңғырту орталығын ашу туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

Рельефті-нүктелік қаріптегі кітаптарды және "сөйлейтін" кітаптарды қалпына келтіруді орталықтандырып ұйымдастыру мақсатында Республикалық зағип және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана жанынан республиканың зағип және нашар көретін азаматтарына арналған құжаттарды қалпына келтіру және жаңадан шығару орталығын құруды ұсынамыз.

Өңірлердегі мәдениет мекемелерін басқару және мәдениет инфрақұрылымын оңтайландыру әдістерін жетілдіру қажеттілігіне байланысты ведомстволық бағынысты мекемелерді жергілікті бюджетке кезең-кезеңмен беру, сондай-ақ мәдениет саласында жеке меншік секторды дамыту ұйғарылып отыр.

 

5.3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен алыс шет елдердің озық театрлары мен киностудияларына, әлемнің озық мұражай орталықтары мен кітапханаларына тағылымдамадан өту үшін және оқуға жас дарындар мен жұмыс тәжірибесі бар кадрлар (актерлар, режиссерлар, дирижерлар, музыканттар, суретші-сценографтар, костюмдер cуpeтшici, жарық суретшілері, бутафорлар, мұражай және кітапхана қызметкерлері) жіберіледі.

Шығармашылық алмасу мақсатында мастер-класс өткізу үшін Қазақстанға таяу және алыс шет елдерден озат режиссерлар, арт-менеджерлер, сценографтар, дирижерлар, балетмейстерлер шақырылады.

Мұражай мамандарын, реставраторларды даярлау мәселелерін шешу, мұражайлардағы маркетинг және менеджерлік қызметті сауатты ұйымдастыру, мұражай мекемелерін қалыптастырудың халықаралық идеологиясы мен тәжірибесін зерделеу үшін таяу және алыс шет елдердің мұражайтану саласындағы жетекші мамандарын шақыру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі орталық құрылуын ұсынамыз.

 

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 (бұр.ред.қара); 2008.11.03. № 234 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен  5.4. бөлім өзгертілді

 

5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға

жағдай жасау

 

Республиканың көркем элитасына атаулы қолдау көрсету мақсатында жыл сайын конкурстық негізде қоғамдық-маңызды көркемөнер туындыларын (пьесалар, музыкалық, сахналық шығармалар, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка, өлең, бейнелеу өнepi мен сәулет туындыларын) жасауға гранттар нысанында мемлекеттік тапсырыс қалыптастырылатын болады.

Шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында шығармашылық қайраткерлерді, дарынды музыканттар мен орындаушыларды мемлекеттік қолдау жүйесі жетілдірілетін болады.

Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстары, Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы музыкасының фестивальдері, республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары, «Елім менің» патриоттық әндер конкурстары өтеді.

Өнер қайраткерлерінің күш-жігерін шоғырландыру мақсатында 2006 жылдан бастап Шығармашылық одақтардың ассамблеясы өткізілетін болады.

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 234 Қаулысымен 5.5. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.5. Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнеріндегі

үздік жетістіктердің шет елдердегі тұсаукесері

 

Республикаға шығармашылық тұрғыда қызығушылық туғызатын ұжымдар мен орындаушыларды тарту мақсатында Қазақстанда ipi халықаралық өнер конкурстарын, фестивальдарын ұйымдастыру мен енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, біздің елде әлемге белгілі көркемөнер ұжымдарымен орындаушылардың гастрольдерін, сондай-ақ, ipi шетел мұражайларының қорларынан көрмелер ұйымдастыру көзделеді. Бұлармен қатар шет елдердегі көрнекті фестивальдар мен конкурстарға қазақстан өнерінің озық өкілдерінің қатысуы жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылады.

Қазақстанда тәжірибе алмасу және көркемдік өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мынандай халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткізу жоспарланып отыр: Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі, Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі, халықаралық пианистер, скрипкашылар, вокалистер конкурстары, Халықаралық «Ұлы дала музыкасы» дәстүрлі орындаушылар фестивалі.

Қазақстандық жас орындаушылар әлемнің үздік залдарында өнер көрсетеді.

Біздің кинематографистер халықаралық фестивальдар мен конкурстарға "А" сыныбындағы халықаралық кинофестивальдарға қатысады. Таяу және алыс шет елдерде Қазақстан киносының күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Әлемдік кеңістікке ықпалдасуды дамыту үшін таяу және алыс шетелдердің мұражай және кітапхана қорларының алмасу көрмелері, озық шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының гастрольдері ұйымдастырылатын болады.

Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайы қорларынан, сондай-ақ таяу және алыс шет елдер мұражайларында республиканың озат суретшілерінің шетелдік көрмелері ұйымдастырылады.

Қазақстан халықтарының мәдениетін, тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрпын танымал ету және Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық және мәдени саладағы ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан халықтарының рухани құндылықтарын ашу мақсатында Қытай Ұлттық кітапханасында Қазақстанның мәдениет орталығы ашылады.

 

5.6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

 

Мәдениет саласы материалдық-техникалық қамтамасыз етуде маңызды қайта құруларды қажет етеді. Театрлар мен концерттік залдар, мұражайлар мен кітапханалар үшін музыкалық аспаптарды және техникалық жабдықтарды сатып алу жоспарланып отыр.

М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасы және т.б. ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Мұражай қорларын техникалық жабдықтармен және температуралық-ылғалдандыру режимі аспаптарымен жарақтандыру материалдық мәдениет туындыларын сақтау режимін қалыпқа келтіруге, қорлардың сапалы жұмыс icтeуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 234 Қаулысымен 5.7. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету

 

Мұражай мамандарының күш-жігерлерін біріктіру үшін "Қазақстан мұражайлары" - "Музеи Казахстана" журналын жүйелі түрде шығару жолға қойылады.

Зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметін, республиканың зағип қайраткерлерінің өмipi мен қызметін жария ету үшін рельефтік-нүктелік және жалпақ баспа қаріппен басылатын зағип және нашар көретін азаматтарға арналған "РБНСГ - Вести" газетін шығару қажет.

Мұражай коллекцияларымен өзара алмасу, танысу және оларға epкін қол жеткізу, ақпараттық сауаттылықты арттыру, зерделеу және оларды ғылыми мақсатта пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет орталығы жанынан мұражай қорларының дерекқорын құру қажет.

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 234 Қаулысымен 6. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

 

2006-2008 жылдарда Бағдарламаны icкe асыруға республикалық бюджет қаражаты жіберілетін болады.

Республикалық бюджеттен жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені, оның ішінде 2006 жылы - 1 503, 0 млн. теңгені, 2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені, 2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені құрайды.

2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.

 

ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 234 Қаулысымен 7. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бағдарламаны icкe асырудан күтілетін нәтиже

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

мәдениет саласында халықты қызметтермен тұрақты жұмыс істейтін және үнемі дамып отыратын қамтамасыз ету жүйесі қалыптасады; саланы басқару жөніндегі мемлекеттік тетік қазіргі заманғы, бүгінгі күн мәдениетінің серпінді процестерін дамытуға қабілетті етіп өзгертіледі;

2006-2008 жылдары:

драма театрларда 110 жаңа қойылым және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады жүзеге асырылады;

ұлттық және әлемдік классиканың және Қазақстанның қазіргі заманғы композиторлары туындыларының 6 операсы, 7 балеті қойылады;

Қазақстанның қалалары мен аудандарына республикалық концерттік ұйымдардың 68 гастрольдік сапарлары өткізіледі;

мыналар өткізіледі:

3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;

патриоттық әндер конкурстары;

республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар);

Бұдан басқа, Қытайдың Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Мәдениет орталығы ұйымдастырылады (2006 жыл);

Бағдарламаны іске асыру кезеңінде нормативтік құқықтық кесімдер әзірленеді, мәдениет объектілері жөндеуден өткізіледі, 157 мұражайдың 200-ден астам экспонаттары қалпына келтіріледі, мемлекеттік мұражайлар өнер туындыларының 700 бірлігін сатып алады және республикалық мұражайлар қоры 50%-ға қайта жарақталады.

 

ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 1260 (бұр.ред.қара); 2007.03.08. № 654 (бұр.ред.қара); 2008.11.03. № 234 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 8. бөлім өзгертілді

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары