«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 73-85-қосымшалар) (үзінді) (2006.31.07. берілген өзгерістермен)

«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 73-85-қосымшалар)
(үзінді)

(2006.31.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80 (құпия), 81, 82, 83, 84, 85-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің;

2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

73-қосымша

 

208 - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

«Қарулы Күштердің жеке құрамын, қару-жарақтарын, әскери және

өзге де техникаларын, жабдықтарын, жануарларын және инфрақұрылымын

күтіп-ұстау» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 46153441 мың теңге (қырық алты миллиард бір жүз елу үш миллион төрт жүз қырық бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7, 12, 13, 28, 35-баптары; «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 10, 12, 13, 14,  16, 17, 18-баптары; «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 7, 10, 14, 15, 24-баптары; «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 9-бабы; «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 3436 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 215 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысы; «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін жүзеге асырып қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

1) қорғаныс министрлігінің жеке құрамын, әскери бөлімдерін, мекемелерін барлық үлес түрлерімен және коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

2) техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу жолымен техникалық дайындықты және қару-жарақтың, әскери, өзге техниканың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік желілердің, коммуналдық объектілердің жинақталуын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері инфрақұрылымының жағдайын жақсартуды және қолда бар күзету инфрақұрылымын ақаусыз күйде ұстауды қамтамасыз ету;

4) моральдық жағынан тозған әскери техниканы, оқ-дәрілерді, радиоактивті көздерді (материалдарды), зымыран отынының бөлшектерін, күшті әсер ететін улы заттарды пайдаға асыру жолымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамының жинақталуын және тиісінше ұсталуын қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: