Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығы
(2007.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2007.23.07 № 369 Жарлығымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2007.23.07 № 369 Жарлығымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының