-

Осы редакция 2008 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

1998 ж. 12 қазандағы № 343

бұйрығымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын
және олардың тiркемелерiн мемлекеттік тiркеудiң
Ережелері

(2006.16.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.26.04.  № 249 Бұйрығымен (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі)  кіріспе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Ішкі істер министрлігінің 2005.23.11. № 651 бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) (ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі)

Жалпы қолданылатын автомобиль жолдарында жүруге арналған қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 текше см. астам және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағат артық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (бұдан әрі - көлік құралдары) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі және жол қозғалысына, оның ішінде халықаралық жол қозғалысына көлік құралдарының қатысуына мемлекеттік рұқсат шарасы болып табылады. Мемлекеттік тіркеу көлік құралдарының конструкциясы, техникалық ахуалы мен қондырғыларының қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауды қамтамасыз ету, көлік құралдарын сатып алу, алу, қолдану, басқаға беру, жарамсыздыққа шығару тәртібін сақтау, көлік құралдарын орталықтандырылған және өңірлік есебін қамтамасыз ету, қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресу мақсатында жүргізіледі.

Осы Ережелерде мынадай түсініктер қолданылады:

1) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - көлік құралдарын тіркеу) осы Ережелерге сәйкес көлік құралдарын есепке алу, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (бұдан әрі - нөмірлік белгілер) және олардың жол қозғалысына қатысуына рұқсатын растайтын ресми құжаттарын беру жөніндегі ішкі істер органдары жол полициясының қызметі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.