«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы (2011.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы

(2011.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 113 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.03. № 304 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.28.02. № 197 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтініндегі «көрсету» деген сөз алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 2105 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу»

мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) көші-қон полициясының бөлімшелері және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкіметтің»: www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы да ұсынылады.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8, 9, 48-баптары;

2) «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 21, 22-баптары;

3) «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 9-тармағы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 8-тармағы негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет стандарты туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) интернет-ресурсында: www.mvd.kz  тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД-нің) «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ көші-қон полициясы бөлімшелерінде орналасқан ресми ақпарат көздері мен стенділерде орналастырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Көші-қон карточкасының «тіркеу» бағанын толтыру не қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

Электрондық поштаға немесе жеке не заңды тұлғаның жеке кабинетіне веб-портал арқылы электрондық нысанда өтініш білдірілген кезде байланыс арналары арқылы паспортқа тұтынушыны тіркеу туралы жапсырма қағаз, ол ақпаратты қағаз тасымалдағышқа түсірудің кез келген құралында басып шығарылады не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір жұмыс күні;

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды;

3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

4) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берген сәттен бастап - бір жұмыс күні.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндерінен басқа, аптасына алты күн (дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліс, сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін) ұсынылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Веб-портал арқылы өтініш білдірілген кезде мемлекеттік қызмет тәулік бойы көрсетіледі.

10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындары болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген санаттардың біріне жататын шетелдіктер:

1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты ұсынады, осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;

2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды адамдары беретін шекарадан өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын;

3) тіркеу туралы өтінішті ұсынады.

Қазақстан Республикасында уақытша болуы 6 айдан астам мерзімді құрайтын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу үшін қосымша:

1) толтырылған екі мекенжайлық келу парағын;

2) келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;

3) 35х45 мм мөлшердегі бір фотосурет ұсынылады.

Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін жеке немесе заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып, веб-порталда электрондық нысанда сауалнама толтырылады.

12. Тіркеу туралы өтініштердің бланкілерін (осы заңды тұлғаның ресми бланкілерінде ресімделетін заңды тұлғалардың өтініштерін қоспағанда) көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес интернет-ресурстарда көрсетілген.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тұтынушының болатын жері бойынша осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясы бөлімшелеріне өткізіледі.

14. Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді.

15. Уақытша болатын жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар көші-қон карточкасын және жеке басын куәландыратын құжатты шетелдік, азаматтығы жоқ адам өзі өтініш білдірген жері бойынша алады. Тіркеу шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның бірінші жүгінген жері бойынша ғана ресімделеді.

16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық көлемде бермеу мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20. Электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM хатшылығының қызметкері уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға көмек көрсетеді.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

21. Шағымдар электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін беріледі.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22. Дөрекі қызмет көрсетілгені туралы шағымдар пошталық және электрондық мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ІІД, ІІM басшылығына демалыс күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейін заңнамада белгіленген тәртіппен беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24. Шағым еркін нысанда жазбаша түрде пошта, электрондық пошта арқылы не ІІД, ІІМ хатшылығы арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке адамның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қояды.

25. Қабылданған шағым ішкі істер органдарының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 734 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 1/1, ІІМ мекенжайы бойынша, ІІМ-нің www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 71-51-31, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ІІД-лерде алуға болады.

 

ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 2105 қаулысымен

бекітілген мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша