«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2266 Қаулысы (2010.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2266 Қаулысы

(2010.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын (бұдан әрі Тәуелсіздіктің 20 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;

2) Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2266 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге

дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің

құрамы

 

Мәсімов

Кәрім Қажымқанұлы

 

- Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, төраға

 

Әшімбаев

Мәулен Сағатханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

Телебаев

Ғазиз Тұрысбекұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, хатшы

 

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

 

Байбек

Бауыржан Қыдырғалиұлы

 

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)

 

Әбдірахымов

Ғабидолла Рахматоллаұлы

 

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

 

Әшімов

Нұрғали Сәдуақасұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі

 

Әбдіқалықова

Гүлшара Наушақызы

 

- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрі

 

Баймағанбетов

Серік Нұртайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

 

Божко

Владимир Карпович

 

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

 

Досқалиев

Жақсылық Ақмырзаұлы

 

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

 

Досмұхамбетов

Темірхан Мыңайдарұлы

 

- Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

 

Жақсыбеков

Әділбек Рыскелдіұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

 

Жәмішев

Болат Бидахметұлы

 

- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

Исекешев

Әсет Өрентайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

 

Құл-Мұхаммед

Мұхтар Абрарұлы

 

- Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі

 

Күрішбаев

Ақылбек Қажығұлұлы

 

- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

 

Құсайынов

Әбілғазы Қалиақпарұлы

 

- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

 

 

 

Түсіпбеков

Рашид Төлеутайұлы

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі

 

Түймебаев

Жансейіт Қансейітұлы

 

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

 

Әбіқаев

Нұртай Әбіқайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

 

Ахметов

Серік Нығметұлы

 

- Қарағанды облысының әкімі

 

Біләлов

Серік Сұлтанғазыұлы

 

- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

 

Бозымбаев

Қанат Алдабергенұлы

 

- Жамбыл облысының әкімі

 

Есімов

Ахметжан Смағұлұлы

 

- Алматы қаласының әкімі

 

Кулагин

Сергей Витальевич

 

- Қостанай облысының әкімі

 

Көшербаев

Қырымбек Елеуұлы

 

- Маңғыстау облысының әкімі

 

Қуандықов

Болатбек Баянұлы

 

- Қызылорда облысының әкімі

 

Мырзахметов

Асқар Исабекұлы

 

- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

 

Рысқалиев

Бергей Сәулебайұлы

 

- Атырау облысының әкімі

 

Сағындықов

Елеусін Наурызбайұлы

 

- Ақтөбе облысының әкімі

 

Сапарбаев

Бердібек Машбекұлы

 

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі

 

Сағынтаев

Бақытжан Әбдірұлы

 

- Павлодар облысының әкімі

 

Тасмағамбетов

Иманғали Нұрғалиұлы

 

- Астана қаласының әкімі

 

Үмбетов

Серік Әбікенұлы

 

- Алматы облысының әкімі

 

Ізмұхамбетов

Бақтықожа Салахатдинұлы

 

- Батыс Қазақстан облысының әкімі

 

Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)

 

Мұхамеджанов

Орал Байғонысұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісім бойынша)

 

Көпеев

Мұхамбет Жұманазарұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

Дьяченко

Сергей Александрович

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

Нұртілеуов

Мұрат Әбуғалиұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Басшысы (келісім бойынша)

 

Бижанов

Ақан Құсайынұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Жолдасбаева

Нұрлығайым Шалданқызы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

 

Имашев

Берік Мәжитұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Ищанов

Қайрат Қыдырбайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Сұлтанов

Қуаныш Сұлтанұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Бобров

Владимир Яковлевич

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

Жолшыбеков

Әмзебек Рысбекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Қарақұсова

Гүлжан Жанпейісқызы

 

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

 

Мәдинов

Ромин Ризаұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Мұқашев

Рахмет Желдібайұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Нөкетаева

Динар Жүсіпәліқызы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша)

 

Нығматулин

Ерлан Зайроллаұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

Қанаев

Серікжан Зиаданұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

 

Мыңбай

Дархан Қамзабекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

 

Майлыбаев

Бағлан Асаубайұлы

 

- Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы (келісім бойынша)

 

Бабақұмаров

Ержан Жалбақұлы

 

- Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары

 

Бәйменов

Әлихан Мұхамедияұлы

 

- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

 

Нығматулин

Нұрлан Зайроллаұлы

 

- «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

 

Күнбаев

Мірболат Тоқмырзаұлы

 

- «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім

бойынша)

 

Қалиев

Ғани Әлімұлы

 

- Қазақстан социал демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы (келісім бойынша)

 

Нәрікбаев

Мақсұт Сұлтанұлы

 

- «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

 

Соловьева

Айгүл Сағадибекқызы

- «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Сыдықов

Нұрлан Ерболатұлы

- «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Айтжанова

Жанар Сейдахметқызы

- Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі,

 

Жұмағалиев

Асқар Қуанышұлы

 

- Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі,

Дьяченко

Сергей Александрович

 

- Ақмола облысының әкімі,

Жылқышиев

Болат Әбжапарұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аграрлық және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

 

Мәмбеталин

Серікжан Есенқосұлы

- «Руханият» саяси партиясының төрағасы (келісім бойынша);

 

 

ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен іс-шаралар жоспары өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2266 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге

дайындалу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар

1.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу

Тұжырымдама жобасы

ММ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

2.

Монеталар мен маркалардың эскиздерін әзірлеу

ҰБ Басқармасының, «Қазпочта» АҚ-ның қаулысы

ҚР Ұлттық Банкі (келісім бойынша), «Қазпочта» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы ақпан-сәуір

Талап етілмейді

-

3.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын дайындау мен мерекелеу жөнінде ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ММ

2010 жылғы маусым

Талап етілмейді

-

4.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөнінде тиісті өңірлік ұйымдастыру комитеттерін құру

Әкімдердің шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы наурыз

Талап етілмейді

-

5.

Мерекенің логотипін бекіту

Логотип

ПӘ (келісім бойынша) ММ

2010 жылғы мамыр

100,0

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

6.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралардың жоспарын әзірлеу және бекіту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ММ, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы қыркүйек

Талап етілмейді

 

7.

Астананы мерекелік безендіру тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу

Тұжырымдама жобасы

Астана қаласының әкімі

2010 жылғы шілде

Талап етілмейді

-

8.

Көрнекі насихат құралдарының эскиздерін әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу және оларды өңірлерге жіберуді қамтамасыз ету (бірыңғай символика, билбордтар, баннерлер, ұран сөздер)

ММ-ның бұйрығы

ММ

2010 жылғы 15 тамызға дейін

200,0

Республикалық бюджет (ММ-ның 018 «Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бағдарламасы шеңберінде)

2. Ақпараттық-идеологиялық және имидждік жұмыс

9.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде жүргізілетін ақпараттық-идеологиялық жұмыс тұжырымдамасының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізу

Тұжырымдама жобасы

БАМ, БҒМ

2010 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

10.

Мемлекеттің имиджін нығайтуға бағытталған іс-шараларды көздейтін орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық-насихат тық жұмысының 2011 жылға арналған жоспарын әзірлеу

ММ бұйрығы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ММ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы мамыр

Талап етілмейді

-

11.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту

БАМ бұйрығы

БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы желтоқсан

Талап етілмейді

-

12.

Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына арналған деректі фильмдерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

ММ-ға ақпарат

БАМ

2010 жыл бойы

БАМ-нің 025 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бағдарламасының қаражаты шегінде

Республикалық бюджет

13.

Отандық өндірушілердің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы символикасы бар өнімін шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президенті нің Әкімшілігіне ақпарат

ИЖТМ

2010 жыл бойы

Талап етілмейді

-

14.

Отандық өндірушілердің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы символикасы бар кітап өнімін шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

БАМ, ММ

2010 жыл бойы

Талап етілмейді

-

15.

Жетекші шетелдік БАҚ-та имидждік материалдарды орналастыруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, БАМ

2010 жыл бойы

СІМ-нің 001 «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» бағдарла масының қаражаты шегінде

Республикалық бюджет

 

ҚР Үкіметінің 2010.08.06. № 539 Қаулысымен ескертпе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПӘ - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

ҰБ - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

«Қазпочта» АҚ - «Қазпочта» акционерлік қоғамы

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары