Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын
(учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 Қаулысы
(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 6 ақпандағы
№ 72 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкметінің 2006.14.03. № 154 (бұр. ред. қара); 2006.25.05. № 455 (бұр. ред. қара); 2008.15.10. № 954 (бұр. ред. қара); 2009.25.03. № 394 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; 2009.30.12. № 2281 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су
тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі
конкурстық комиссиялар құрамы
Арал теңізі, Сырдария өзені және Шардара су қоймасы бойынша:
| Шотқараев Әзіс Василийұлы
| - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары, төраға |
| Оспанов Берік Серікұлы
| - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
| Сүлейменов Асхат Зайниддинұлы
| - Қызылорда облысы әкімнің орынбасары |
| Керуенбаев Елікбай Дүйсенбайұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы |