146-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы жөніндегі есеп-қисап
Салық агенттері төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы бойынша есеп-қисапты төлем жүргізілген тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
16-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ
САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
147-бап. Салық ставкалары
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 4 бабына сәйкес:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін - 20 процент мөлшері;
2) 2013 жылғы 1 қаңтардан 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн - 17,5 процент мөлшері қолданылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 147-бабы 1-тармағының корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 137-бабында белгіленген тәртіппен ауыстырылатын залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Егер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың осы Кодекстiң 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 5 бабына сәйкес 147-бабы 3-тармағының төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы ставкаларының мөлшері бөлігінде қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 10 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 1) - 8), 10) - 29) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес табыстарына, сондай-ақ осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген табыстарға осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса осы Кодекстің 199-бабында белгіленген тәртіппен 15 проценттік ставка бойынша салық салуға жатады.
1. Корпоративтік табыс салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
2. Егер ұйым күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылса, оның құрылған күнінен бастап күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салық кезеңі болып табылады.
Бұл ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.
3. Егер ұйым күнтізбелік жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Егер күнтізбелік жыл басталғаннан кейін құрылған ұйым осы жылдың аяғына дейін таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салық кезеңі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзінен салық салуға жататын табыстар алатын және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместі қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
2. Корпоративтік табыс салығын төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен бір мезгілде өзі орналасқан жердегі салық органына қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
Бұл ретте бұрын ұсынылған жылдық қаржылық есептілік түзетілген жағдайда, корпоративтік табыс салығын төлеуші осындай түзету жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзі орналасқан жердегі салық органына түзетілген жылдық қаржылық есептілікті табыс етеді.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
4. Оңайлатылған декларацияның негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
5-БӨЛІМ. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ
АСЫРАТЫН ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
17-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ АУМАҚТАРЫНДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
ҰЙЫМДАРҒА САЛЫҚ САЛУ
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар деп бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін заңды тұлғалар танылады:
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы салық органдарында тіркеу есебінде тұрған;
2) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарынан тысқары жерлерде құрылымдық бөлімшелері жоқ;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына сай келетін мынадай қызмет түрлерінің:
бағдарламалық қамтамасыз етілімді, дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалаудың, әзірлеудің, енгізудің, тәжірибелік өндірудің және өндірудің;
жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасаудың;
ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізудің;
мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасаудың, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасаудың;
электр- және радиоэлементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасаудың;
тұрмыстық электр аспаптарын жасаудың;
киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығарудың;
трикотаж бұйымдарын шығарудың;
тоқыма материалдарынан киім шығарудың;
жібек маталар мен солардың негізінде жасалатын бұйымдар шығарудың;
мата емес тоқыма материалдар мен солардан жасалған бұйымдар шығарудың;
кілемдер, кілем бұйымдары мен гобелендер шығарудың;
мақта целлюлозасы мен одан туынды өнімдер шығарудың;
мақта шикізатынан жоғары сапалы қағаз шығарудың;
теріден жасалған бұйымдар шығарудың;
химия өнеркәсібінің;
резеңке және пластмасса бұйымдарын жасаудың;
өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндірудің;
металлургия өнеркәсібінің;
дайын металл бұйымдарын жасаудың;
машиналар мен жабдықтарды жасаудың;
электр жабдықтары, оның iшiнде электр-жарық берушi жабдықтар өндiрiсiнiң;
жарық берушi аспаптар үшiн шыны компоненттер өндiрiсiнiң;
тамақ өнiмдерi өндiрiсiнiң;
ағаш массасы және целлюлозалар, қағаз бен картон өндiрiсiнiң;
жихаз жасаудың;
автокөлiк құралдары, трейлерлер мен жартылай тiркемелер жасаудың;
темір жол локомотивтерiн және қозғалмалы құрам жасаудың;
әуе және ғарыш ұшу аппараттарын жасаудың;
негiзгi фармацевтикалық өнiмдер мен препараттар өндiрiсiнiң;
мұнай-химия өнімдерін, сондай-ақ ілеспе, сабақтас өндіріс пен технологиялар өнімдерін шығарудың;
туристік қызметтер көрсетудің өзіндік тауар өндірісін (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алуға жататын (алынған) табыстары жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін құрайтын заңды тұлғалар.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен екінші бөлік өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға мыналар жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар;
4) преференцияларды қолданған ұйымдар.
3. Алынған (алынуға жататын) табыстарды осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылған атқарушы органның немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті өнеркәсіп саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда берілген растауының негізінде жүзеге асырылады.
4. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты қолданылады.
151-бап. Салықтарды есептеу, төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды есептеуі осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Бюджетке төлеуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезінде де қолданылады
3. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және осы Кодекстің 150-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:
1) жер салығын есептеу кезінде тиісті ставкаларға 0 коэффициенті;
2) мүлік салығын есептеу кезінде салық салу объектілерінің жылдық орташа құнына 0 проценттік ставка қолданылады.
152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық кезеңі, салық есептілігін берудің тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
1. Осы Кодекстің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігiн табыс етудi салық агенті осы Кодекстің 158 және 166-баптарында көзделген салықтық шегерімдерді ескере отырып және ставкалар бойынша осы тарауда және осы Кодекстің 19 және 25-тарауларында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстің 178-бабында және 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
155-бап. Салық салу объектілері
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін іссапарда болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы ёлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) қызметкер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге көшкен кездегі жол жүру, мүлкін көшіру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
8) жұмыс берушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шегерімдерге жатқызылмайтын шығыстары;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) мұндай жұмыстың әрбiр тәулiгi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердің далалық үлесі;
10) жұмыс берушінің вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдардың өндіріс объектісінде болу кезеңінде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшін жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген тәуліктік өтемақы шегінде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;
11) қызметкерлерді Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша берілген арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнімдерінің құны;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
13) сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес жұмыс берушiмен жасалған, қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
14) материалдық нұқсанды өтеудің сот шешімі бойынша тағайындалған сомасы;
15) төлем көзінен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзінен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитетті) төлеу үшін өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жіберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) тармақшаға өзгерістерді қара - 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңы (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшін есебіне жазылған өсімпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрінде алынған мүліктің құны;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19) мемлекеттік тіркеуге жататын және меншiк құқығында бiр жыл және меншiк құқығын тiркеген күннен бастап одан да ұзақ уақыт болатын механикалық көлік құралы мен тіркемелерді өткізу кезіндегі құн өсімі;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20) меншік құқығын тіркеу күнiнен бастап бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткізу кезіндегі құн өсімі;
21) бір жыл және одан да ұзақ уақыт меншік құқығында болатын, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, саяжай құрылысы және гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
22) егер жер учаскесін және (немесе) жер үлесін сатып алуға және иеліктен айыруға арналған құқық белгілейтін құжаттарды жасау күндері арасындағы кезең бір жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстің 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшін берілген жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мұқтаждар үшін құнын өтеп сатып алынған мүлік құнының өсімі;
24) жалға беруші жеке тұлғаның жалға берілген мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
25) опционды орындау кезінде опционның базалық активінің нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуі. Опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі бекітілген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
26) жеке тұлғаға өтеусіз негізде жарнама түрінде берілген мүліктің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай мүлiктi беру күнi қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде құны.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
27) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстiң 102-бабына сәйкес жүргiзiлген өкiлдiк шығыстар.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
28) заңды тұлғалардан және дара кәсiпкерлерден алынған, оның iшiнде қызметкердiң өз жұмыс берушiсiнен алған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетін сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
5) дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7) бiр мезгiлде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;
заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнi жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;