(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 21.10.04 Ж. № 305 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелеріндегі
сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығы

(2010.27.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет министрінің 2009.17.09. № 125 Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсiн.

2. «Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан, сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 147 бұйрығы күшiн жойды деп танылсын (мемлекеттік тiркеу № 1714).

3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркеуден өткен күнi күшiне енедi.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшылық ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет Вице-Министрiне жүктелсін.

«Қазақстан Республикасы

Әдiлет министрлігі түзеу

мекемелеріндегі сотталғандармен

тәрбие жұмысын ұйымдастыру

туралы нұсқаулықты бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2004 жылғы 21 қазандағы

№ 305 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы нұсқаулық

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрi - ТМ) сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелерiн реттейдi.

2. Тәрбие жұмысы сотталғандармен TМ Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.