2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 шешімі
(2012.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 4C-39-2 шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.13.01. № С-55/5 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.19.03. № С-3/5 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.11.04. № С-4/6 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.03.05. № С-5/13 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.20.06. № С-6/6 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.02.07. № С-7/5 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 17 500 859 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 8 214 923 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 65 279,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 423 926,9 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 8 796 729,7 мың теңге.
2) шығындар - 19 216 923,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру- 10 118 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 164 794 мың теңге
бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге;