«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығы (2023.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығы

(2023.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015.28.04. № 246 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 206 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015.28.04. № 246 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 қарашада № 5008 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1480) санында жарияланған);

2) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 шілдеде № 5718 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).

3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.