42) ұйымдардағы, елді мекендердегі жəне объектілердегі өрттердің алдын алу жəне оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына кəсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды жүргізеді;
43) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізеді;
44) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;
45) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы мен орталық атқарушы органдар үшін қосалқы (қала сыртындағы) жəне жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етеді;
46) төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төмен тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын əзірлейді жəне бекітеді;
47) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөледі;
48) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру жəне оның қызметі қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
49) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру қағидаларын жəне бейбіт жəне соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
50) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу жəне пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
51) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
52) кəсіби өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
53) азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау жəне оларды тарту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
54) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
55) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
56) азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
57) бейбіт уақытта азаматтық қорғаныс əскери бөлімдерін пайдалану қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
58) еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақылар төлеу үшін кəсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
59) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
60) халыққа жəне азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
61) төтенше жағдайлардың туындауына алып келген аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
62) кəсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
63) тармақша 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
63) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
64) дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
65) азаматтық қорғау органдары қызметкерлері санының нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;
66) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;
67) сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
68) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
69) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
70) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
71) зерттеу сынау өртке қарсы зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
72) өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
73) Өртке қарсы қызметтің жарғысын əзірлейді жəне бекітеді;
74) уəкілетті органның жедел резервін күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
75) ұйымдарда, елді мекендерде жəне объектілерде өрттердің алдын алу жəне сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кəсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
76) өрт қауіпсіздігі қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
77) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтарының базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін, əскери қызметшілерін жəне жұмыскерлерін медициналық жəне психологиялық оңалту қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
78) өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы актінің нысанын əзірлейді жəне бекітеді;
79) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін жəне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің əрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
80) бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
81) уəкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарын бөледі жəне пайдаланады;
2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 81-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
81-1) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (залалды) өтеу қағидаларын бекітеді;
82) уəкілетті органның теңіз ұйымының қызметін үйлестіреді;
83) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алады;
84) Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын əзірлейді жəне оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;
85) азаматтық қорғау органдарында кинологиялық қызметті дамытуды қамтамасыз етеді;
86) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың жасалу фактілерін жəне азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың əрекеттерін тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;
87) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын əзірлейді жəне бекітеді;
88)- 92) тармақшалары 2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
88) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау жəне оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
89) өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау жəне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға дара кəсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын əзірлейді жəне бекітеді;
90) объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сəйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
91) белгіленген нормалары мен қағидалары жоқ объектілерді өртке қарсы қорғау ерекшелігін көрсететін арнаулы техникалық шарттарды келісу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
92) азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың, азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді ұсыну мерзімдерін айқындайды;
93) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай үлесті, жəрдемақыларды жəне өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
94) азаматтық қорғау органдарында бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
95) азаматтық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жəне қайта даярлауды ұйымдастырады;
96) азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
97) бейбіт жəне соғыс уақытында мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерді қорғауды жəне үздіксіз шифрланған байланысты қамтамасыз етеді;
98) соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
99) 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
100) 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
101) сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
102) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
103) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уəкілетті органның жалауы мен рəмізі болады. Оның аумақтық органдары мен білім беру ұйымдарының жалаулары болады, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек қызметінің рəмізі болады.
Уəкілетті органның жалауы мен рəмізінің, уəкілетті органның аумақтық органдары, білім беру ұйымдары жалауларының, азаматтық қорғаныстың əскери бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының жəне уəкілетті органның шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек қызметі рəмізінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік резерв жүйесін басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді;
7) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператор карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін сатып алудан бас тартқан кезде мұнай өнімдерін тиісті жылға арналған бюджет қаражаты есебінен бəсекелестік негізде дербес сатып алады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінде, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымында жəне жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарда сақталатын материалдық құндылықтарды түгендеуді жүзеге асырады, түгендеуді жүргізуге тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын тартады;
10) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) жаңарту, кәдеге жарату тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
12-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
15) - 17) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-1) қарыз алу тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-2) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жою немесе кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-3) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен номенклатура өзгерген кезде броньнан шығару тəртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімнің жобасын əзірлейді жəне оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-4) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жəне жаңартуды ұйымдастырады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-5) мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын жəне номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды алушы мемлекеттік органдармен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органның шешімімен басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының балансына өтеусіз негізде беруді жүзеге асырады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 17-6) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
17-6) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік резерв саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
18) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру жəне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) бұзылуы жедел ықпал ету шараларын қолдануға алып келетін өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарының тізбесін əзірлейді жəне бекітеді, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ықпал ету шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;
3) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аварияларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;
8) жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық заттар мен бұйымдарды қоспағанда) заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, иелену, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия береді;
8-2) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келіседі;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-2) өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін əзірлейді жəне бекітеді;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (
9-3) осы Заңның міндеттеріне жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;
10) 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) - 20) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 12-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
12-3-бап. Азаматтық қорғау органдарының міндеттері
1. Азаматтық қорғау органдары мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асырады:
1) төтенше жағдайлардың алдын алу жəне оларды жою;
2) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру жəне жүргізу;
3) өрт қауіпсіздігін жəне өнеркəсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік резервті қалыптастыру жəне дамыту;
5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту;
6) азаматтық қорғау саласындағы салааралық үйлестіру;
7) төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық жəне психологиялық көмек көрсету;
8) азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен əскери қызметшілерін кəсіби қызметтік жəне физикалық даярлау жəне оларды ұдайы əзірлікте ұстап тұру.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтық қорғау органдарына өзге де міндеттер жүктеледі.
13-бап. Орталық атқарушы органдардың азаматтық қорғау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды əзірлейді, бекітеді жəне (немесе) келіседі, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді жəне осы деректерді уəкілетті органға ұсынады;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
3) өздерінің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді;
4) азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жібереді;