2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командасының бас жаттықтырушысы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасына басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына жəне əлем чемпионаттарына, Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға жəне басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретін жаттықтырушы;
39) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) спорттық əдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар жəне спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар - адамның дене бітімін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, спорт құрылыстары мен объектілерінде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық жерлерде өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар;
41) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi - халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды
41-1) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, ипподромдар, цирктер, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер);
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды
41-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт - спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт;
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-3) тармақшамен толықтырылды
41-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 41-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
41-4) спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары - дене шынықтыру жəне спорт саласындағы уəкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін əзірлеген жəне бекіткен спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық даярлыққа қойылатын ең төмен талаптардың жиынтығы;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
42) спорттық жарыс - бекітілген ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 42-1) тармақшамен толықтырылды
42-1) спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялау - жануарларды оларға қатысты допинг пайдаланылғаны үшін спорттық жарыстарға қатысудан, оқу-жаттығу жиындарынан шеттету;
43) спорттық қызмет туралы шарт - спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін, спортта дəрігерлік жəне функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық жəне медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті жəне спорт гигиенасын қамтитын медицина саласы;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
43-2) спорттық медицина жəне оңалту ұйымы - спортта дəрігерлік жəне функционалдық бақылауды, оның ішінде спортшыларға жоғары жетістіктер спортымен айналысуға рұқсат беруді, спортшыларды функционалдық жəне медициналық оңалтуды, денсаулық жағдайының ауытқуын ерте анықтауды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық аурулары мен жарақатының терапиясы мен профилактикасын, психологиялық дайындықты, спорттағы кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті жəне спорт гигиенасын қоса алғанда, спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін ұйым;
44) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 44-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44-1) спорттың басым түрлері - Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азиялық, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген жəне оларда жоғары спорттық нəтижелері бар спорт түрлері жəне ұлттық спорт түрлері;
45) спорт федерациясы - спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
46) спорт федерацияларын аккредиттеу - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рәсімі;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47) спортшы - таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын жəне спорттық жарыстарға қатысатын жеке адам;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48) спортшыны дисквалификациялау - спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген ұлттық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін аккредиттелген спорт федерациясы жүзеге асыратын, спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан және (немесе) оқу-жаттығу жиындарынан және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбек (кәсіптік) қызметінен шеттету;
49) спортшыны тіркеу - спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, федерация өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін спорттық жарыстарға және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында спорт түрі бойынша спорт федерациясы спортшының спорттың осы түрімен айналысатынын танитын рәсім;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50) студенттік спорт - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;
51) студенттік спорт лигасы - мақсаты студенттік спортты кеңінен таратуға жәрдемдесу және спорттың түрін (түрлерін) дамыту, студенттермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын студенттер арасындағы спорттық қозғалыс;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52) Сурдлимпиадалық ойындар - есту органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 52-1) тармақшамен толықтырылды
52) Сурдлимпиадалық ойындар - есту органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) сыныптаушы - мүгедектігі бар спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнаулы даярлықтан өткен жеке тұлға;
54) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорт түрлерінің бір бөлiгi;
55) ұлттық спорт түрлерi - жарыспалы әрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері;
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар - интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
57) халықаралық спорттық жарыстар - шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері жəне қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары дене шынықтыру мен спортты дамыту, спортпен айналысатын салауатты жəне бəсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру жəне спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тəртіпті сақтау;
2) дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту;
3) ұлттық, олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес жəне сурдлимпиадалық спорт түрлерін дамыту;
4) дене шынықтыру мен спортты, бейімдік дене шынықтыру мен спортты, спорттық медицинаны қолдау жəне ынталандыру;
5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жеке жəне заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
6) дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін ұйымдық-құқықтық жағдайлар жасау;
7) дене шынықтыру, спорт жəне спорттық медицина саласындағы зерттеулер үшін ғылыми базаны дамыту;
8) мектеп спортын, студенттік спортты жəне еңбек ұжымдарында дене шынықтыруды дамыту.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) барлық жеке адамдар үшін дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың теңдігі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың əртүрлі жас топтарына дене тəрбиесін берудің үзіліссіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысудың еріктілігі;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыруға бағытталуы;
5) дене шынықтырумен жəне спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу жəне қатігездікті, зорлық-зомбылықты жəне адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетістіктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жəрдемдесу.
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Денешынықтыруды және спортты дамытуды мемлекеттік қолдау
1. Денешынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қолдау:
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, оның жүйесін құру, сондай-ақ тиісті нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық қамтамасыз ету арқылы денешынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
2) денешынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, олардың Қазақстан Республикасында денешынықтыру-спорт қозғалысын дамытуға ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдарына интеграциялануына қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорт ғимараттарын жобалауға, салуға және пайдалануға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
4) мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Жеке тұлғалардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға;
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бірлестіктерге кіруге;
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысуға;
4) мемлекеттік және жеке спорт құрылыстары мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін кезде әртүрлі нышанды және жеке-дара пікірін жария білдірудің Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де құралдарын пайдалануға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға құқығы бар.
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті бұзуға арандататын әрекеттерге жол бермеуге, айналадағыларға қауіп туғызатын құқыққа қарсы акциялар жасамауға міндетті.
1) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алкоголь өнімін, металл, шыны ыдыстағы өнімді, пиротехникалық бұйымдарды және пайдаланылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі не жеке және заңды тұлғаларға материалдық нұқсан келтіруі мүмкін өзге де заттарды алып кіруге;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта мінберлерге, футбол, хоккей және өзге де спорт алаңдарына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген заттарды лақтыруға;
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта шарбақтар мен қоршаулардың, турникеттердің шегінен өз бетімен шығуға;
4) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақытта әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған, сол сияқты жеке тұлғалардың құқықтарын кемсітетін плакаттарды, эмблемаларды, транспаранттарды және өзге де көрінетін заттарды пайдалануға тыйым салынады.
2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дене шынықтыру жəне спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады жəне іске асырады;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын бекітеді;
1-3) спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекітеді және олардың мөлшерін белгілейді;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекітеді;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-5) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшерін бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді;
4) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық жəне штаттық ұлттық командаларының мүшелерін халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды жəне олардың қатысуын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткiзедi;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелерiн халықаралық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
10) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) спортшылар мен жаттықтырушыларға: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын береді, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) ұлттық спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерді өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындалу және қатысу кезеңінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
17) оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекітеді;
18) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1) - 19) 2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) дене шынықтыру және спорт сабақтарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;
21) спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекітеді;
2025.15.04. № 183-VIII ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)