Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы
(2022.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2025 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.02.05. № 335 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.