(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДА...

Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы

(2022.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.02.05. № 335 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.02.05. № 335 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2022.12.04. № 102 бұйрығымен (бұр.ред.қара) құрылым жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2014 жылғы 29 мамырдағы

№ 258 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы

1-тарау. Қазақстан Республикасының, орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы

1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.