Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы
(2023.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.14.07. № 208 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 5 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.