(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САЛЫҚТАР БОЙЫНША АУДИТ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ САЛЫҚТАР БОЙЫНШ...

Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығы

(2019.16.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 293 бұйрығымен бекітілді

 

 

Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Қаржы министрінің 2019.16.01. № 21 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар, терминдер:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.