2022-2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 113 шешімі
(2022.22.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2022.01.04. № 151 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.06.06. № 166 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.31.08. № 192 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.09.11. № 202 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.22.12. № 219 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 83 723 877,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 56 458 395 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 334 554 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 4 637 736 мың теңге;
трансферттер түсімі – 22 293 192,9 мың теңге;
2) шығындар – 91 797 878,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 607 944 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 884 717 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 276 773 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 168 319,2 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 168 319,2 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицитi) – - 8 850 263,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану) – 8 850 263,6 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсiмi – 6 650 330 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 8 744 509 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 944 442,6 мың теңге.
2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, 1-тармағының 1), 2) тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.