(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекітеді;

15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асырады;

16) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастырады;

17) тағамнан улану, инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

18) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектісінің, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды береді;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға сəйкес теңіз кемесін санитариялық бақылаудан босату туралы не теңіз кемесінің санитариялық бақылаудан өтуі туралы куəлік береді;

19) инфекциялық және паразиттік ауруларға, инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың микробқа қарсы препараттарға төзімділігіне, халыққа профилактикалық екпелер жүргізуге эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырады;

20) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды (оның бір бөлігін) айқындайды;

22) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттерді құрады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23) эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекітеді;

24) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 24-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24-1) техникалық регламенттердің талаптарына жəне (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық жəне гигиеналық талаптарына сəйкес келмейтін өнімді (тауарды) алып қоюды жəне кері қайтарып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту қағидаларын бекітеді;

26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;

27) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртiппен осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;

28) Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

29) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

30) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;

31) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына радиациялық бақылауды жүзеге асырады;

32) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тағамдық өнімді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 33) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тағамдық өнімнің жекелеген түрлерінің тізбесін бекітеді;

34) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

35) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өнімнің сынамаларын іріктеп алады;

36) микронутриенттік жеткіліксіздікке байланысты инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде йод тапшылығы және темір тапшылығы ауруларының профилактикасы саласындағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

37) медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін реттеуді жүзеге асырады;

38) медициналық қалдықтардың айналысына бақылауды жүзеге асырады;

39) инфекциялық емес ауруларды эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, жерасты жұмыстарына еңбек шартын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобына жататын адамды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекітеді;

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-1) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

40-2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады;

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекітеді;

2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 40-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40-4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-4) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 40-5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

40-5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

41) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

10-бап. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган:

1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын бекітеді;

4) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) осы Кодекстің 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

7) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асырады, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

8) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуді (әкетуді) келіседі;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын бекітеді;

10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 24-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

11) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) береді;

12) дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат береді;

13) дәрілік заттың, медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданысын тоқтата тұру арқылы дәрілік затты, медициналық бұйымды медициналық қолдануды тоқтата тұру, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сериясын (партиясын) медициналық қолдануға тыйым салу туралы және айналыстан алып қою немесе медициналық қолдануды тоқтата тұру туралы шешімдер қабылдайды;

14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуді жүргізеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салада тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктерін бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

18) фармацевтикалық инспекцияларды жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын бекітеді;

21) тауарларды таңбалау тәртібін және таңбалауға жататын тауарлардың айналымына бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындауға қатысады;

22) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

11-бап. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті

1. Әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

3) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;

5) әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

6) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің құрылымын, олардың қызметі туралы ережелерді бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелердің үлгілік штаттары мен штаттық нормативтерін бекітеді;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды);

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10) уәкілетті органмен келісу бойынша әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекітеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді

11) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, мемлекеттік авиацияда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

12) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердегі (ұйымдардағы) тиісті контингентке медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімділігін белгілейді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) ведомстволық әскери-медициналық (медициналық) статистикалық есептілік нысандарын бекітеді;

14) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекітеді.

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мыналарды:

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен жəне азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекітеді.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы:

1) ведомстволық бағынысты ұйымдарда медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық оңалту қағидаларын;

2) ведомстволық бағынысты ұйымдардың медицина мамандарын шетелде оқуға, біліктілігін арттыруға жіберу қағидаларын;

3) білім беру іс-шараларын жүргізу, шетелдік консультанттарды тарту қағидаларын;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 7 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де нормативтік құқықтық актілерді бекітеді.

 

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары:

1) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды;

2) денсаулық сақтау мен медициналық білім берудің жергілікті бюджеттерін және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін немесе жеңілдікті жол жүруді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа медициналық көмек көрсетудің жүріп-тұру сипатындағы жағдайда көлікпен қамтамасыз ету немесе медициналық көмек көрсету үшін ауылдық жерге шығу кезінде көліктік шығыстарды өтеу бойынша шаралар қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы шешім қабылдайды;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) мүгедектігі жоқ адамдарға медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегін ұсыну туралы шешім қабылдайды;

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекітеді;

7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі халық санына шаққандағы есеппен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды;

8) донорларға қосымша көтермелеуді ұсыну туралы шешім қабылдайды;

9) халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің уәкілетті орган бекіткен ең төмен нормативінен артық қосымша кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды;

10) өңірді медицина қызметкерлерімен кадрлық қамтамасыз етуді жоспарлауды жүзеге асырады және медициналық білім беру ұйымдарында медицина қызметкерлерін даярлауға тапсырысты орналастырады;

11) медициналық білім беру ұйымдарынан келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың, сондай-ақ олардың жұмыспен өтеуі мен оларды ұстап қалу мониторингін жүзеге асырады;

12) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдеседі;

13) жергілікті бюджеттердің құрамында йод тапшылығы ауруларының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған шығыстарды бекітеді;

14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы бойынша жұмыстың жай-күйі туралы ақпаратын тыңдайды;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз етеді;

3) уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;

4) коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;

5) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;

6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;

2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;