Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығы
(2015.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 2 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015.28.04. № 246 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015.28.04. № 246 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 қарашада № 5008 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 57 (1480) санында жарияланған);
2) «Білім және ғылым қызметкерлерін көтермелеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 153-к бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 шілдеде № 5718 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).
3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;